14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2026

 
14-ші Қазақстандық Халықаралық «Қауіпсіздік, Өрттен Қорғау, Ақпараттық Технологиялар, Байланыс және Дрондар» көрмесі

21-23 ҚАЗАН 2026

 

Программа выставки формируется

Бағдарлама 2026

21 қазан:

Пленарлық сессия

 

  «Инженерлік стандарттар және жобалық шешімдер: Қазақстандағы қауіпсіз және тұрақты құрылысқа арналған инновациялар»

Талқылаудың негізгі тақырыптары:

  • ҚР жаңа Құрылыстық кодексін қолдану практикасы: инженерлік және қауіпсіздік шешімдері бойынша алғашқы нәтижелер
  • Жаңа реттеу жағдайындағы инженерлік стандарттар және қауіпсіздік нормалары
  • Жобалау кезеңінің ерте сатысында өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі талаптарын интеграциялау
  • BIM және цифрлық құралдар — инженерлік және пайдалану тәуекелдерін басқару элементі ретінде
  • 1 шілдеден кейінгі мемлекеттік сараптама: жобалардың инженерлік бөлімдеріне қатысты негізгі ескертулер
  • Халықаралық инженерлік және қауіпсіздік стандарттары: бейімдеу және қолдану

Стратегиялық сессия

 

«Өнеркәсіптік объектілердің қауіпсіздік жүйесіндегі роботтандыру, ЖИ және автоматтандыру»

Негізгі тақырыптар:

  • Өнеркәсіптік объектілердің инженерлік қауіпсіздігі: жобалау, тәуекелдерді мониторингілеу және авариялық жағдайлардың алдын алу
  • Кешенді қауіпсіздік жүйелері: бейнебақылау, кіруді бақылау, күзет дабылы және объектілерді диспетчерлендіру
  • ТП АБЖ, SCADA және өнеркәсіптік киберқауіпсіздік: технологиялық процестер мен аса маңызды жүйелерді қорғау
  • Өнеркәсіптік робототехника және пилотсіз технологиялар: инспекцияларды, периметр күзетін автоматтандыру және инциденттерге жедел ден қою
  • ЖИ, IoT және цифрлық егіздер: болжамды диагностика, қауіптерді ерте анықтау және қауіпсіздік жүйелерінде шешім қабылдауды қолдау

22 қазан

II Dronex Конференциясы:

 

«Өнеркәсіп, қауіпсіздік және экология үшін дрондар»

Талқылау тақырыптары:

  • Өнеркәсіптік мониторинг және инженерлік инспекциядағы дрондар
  • ТЖ кезінде, өрттерде және техногендік апаттарда қауіпсіздік жүйелеріне ҰҰА-ты интеграциялау және реттеу
  • Экологиялық және инфрақұрылымдық мониторинг
  • Қазақстанда дрондарды қолдану тәжірибесі

Киберқауіпсіздік стартаптар шеңбері «Шағын компаниялар ірі бизнесті деректерді қорғауда қалай қолдайды?»


Талқылау тақырыптары:

  • Цифрлық және инженерлік жүйелерге қауіптер
  • BIM, IoT және өндірістік платформаларды қорғау
  • Өнеркәсіп пен инфрақұрылымға арналған стартап шешімдер
  • Енгізу және масштабтау кейстері

23 қазан

Панельдік сессия

«Қауіпсіздікке адамдар қажет: кадр тапшылығын қалай жоямыз?»

Талқылау тақырыптары:

  • Қауіпсіздік және инжиниринг саласындағы мамандар тапшылығы
  • Нарықтың түлектерге және практиктерге қоятын нақты талаптары
  • Салалық ЖОО-лар мен оқу орталықтарының рөлі
  • Бизнес пен білім берудің бірлескен бағдарламалары
  • Қайта даярлау және біліктілікті арттыру

Іскерлік бағдарлама бойынша сұрақтар үшін хабарласыңыз:

Асылжан Билимбаева, Конференция менеджері

email: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Tel. +7 727 258 34 34 (iш. 271)